Қайғылы жол апаты 15 қыркүйекте сағат 12:30 шамасында Ақжар ауылының маңында болды
Ақтөбе облысының Хромтау ауданындағы «Самара – Шымкент» тасжолында үш көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақтөбе облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты бүгін, 15 қыркүйекте сағат 12:30 шамасында Ақжар ауылының маңында болған. Жол апатына Nissan X-Trail, Hyundai Getz және Lexus LX 470 көліктері қатысқан.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан Hyundai Getz көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Аталған көлікте болған екі жолаушы алған жарақаттарымен Хромтау ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді», – деп хабарлады полиция агенттікке берген түсініктемесінде.
Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жол апатының мән-жайы анықталып жатыр.