Шымкентте 28 жастағы чемпион тоққа түсіп, көз жұмды
Ол кафель шығаратын зауытта жұмыс істеп жүрген
Түркістан облысында параспортшы Әділ Тілектес тоққа түсіп, қаза тапты, деп хабарлайды хабарлайды Azattyq Rýhy.
Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, қайғылы оқиға кафель зауытында болған. Спортшы зауытта жұмыс істеп жүрген кезде абайсызда электр сымына тиіп кеткен. Тоқ соққан соң биіктен құлап түскен. Дәрігерлер оны аман алып қала алған жоқ
Әділ Тілектес 1998 жылы Түркістан облысы Түлкібас ауданының Т. Рысқұлов ауылында дүниеге келген. Ол жастайынан спортқа құмар болып, еркін және грек-рим күресімен айналысты. Спорттық жолында бірқатар жетістікке жетті. 2018 жылы Ақтөбеде өткен есту қабілеті төмен спортшылар арасындағы II республикалық спартакиадада грек-рим күресінен 55 келі салмақта чемпион атанды. Сол жылы Оралдағы жастар арасындағы Қазақстан чемпионатында күміс жүлдеге ие болды.
2019 жылы Талдықорғанда өткен есту мүшесі зақымдалған ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында 57 келіде күміс медаль жеңіп алса, Қостанайда ұйымдастырылған ересектер арасындағы командалық Қазақстан чемпионатында 60 келі салмақта алтын жүлдені еншіледі.
Редакция Шымкент полиция департаментіне сауал жолдады, әзірге түсініктеме берілген жоқ.