Ол белгіленбеген жерде суға түскен
Павлодар облысында сүңгуірлер жоғалып кеткен 15 жастағы баланың мәйітін өзеннен алып шықты. Құтқарушылар оның белгіленбеген жағажайда суға түскенін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
«4 тамыз күні сүңгірулер тобы еріктілермен бірігіп бүкіл сол жоғалған маңайда іздестіру жұмыстарын жүргізді. Өкінішке орай жасөспірім баланың денесі кешкі сағат 17:46-да суға батқан жерден 400 метрдей аумақта табылды», - деді Павлодар облыстық ТЖД ресми өкілі Ербол Теміров.
Оқушы осыдан 3 күн бұрын жоғалып кеткен. Ол сол маңдағы егін алқаптарының бірінде жұмыс істеген. Жұмыстан қайтып келе жатып, ұжымдастарымен бірге өзенге шомылған. Бірақ, оның қасындағы өзге адамдар баланың суға батып кеткенін байқамаған.