Екібастұзда кейуана алаяқтарға сеніп, Грузияға 3 млн теңгесін аудармақ болған (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Кейуана ақшасын емделу үшін Грузияға аударып жатырмын деп ойлаған

Фото: istockphoto.com; видеодан скрин

Екібастұзда зейнеткер әйел алаяқтарға сеніп, Грузияға 3 млн теңгесін аудармақ болған. Киберполиция кейуананың ақшасын сақтап қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық ПД мәліметінше, кейуана ақшасын емделу үшін Грузияға аударып жатырмын деп ойлаған. Банк қызметкерлері операция барысында күмәнді белгілерді байқап, аударымды дер кезінде бұғаттап, клиентке оның алаяқтық іс болуы мүмкін екенін хабарлаған.

Оқиғаға киберполиция қызметкерлері де араласты. Олар жағдайдың мән-жайын анықтап, әйелдің алаяқтық схеманың құрбаны болғанын түсіндірді әрі ақшасынан айырылып қалмауына көмектесті.

Полиция мен банк қызметкерлерінің бірлескен әрекетінің нәтижесінде ақша аударылған жоқ. Зейнеткер 3 млн теңге көлеміндегі ақшасын сақтап қалды.