Оны полиция 10 күнге қамады
Астананың прокуратурасы жылына 306 рет жол ережесін бұзған жас жігітті 10 тәулікке қамады. Қаладағы бейнекамераның бірі 25 жастағы жігіттің «Ұлы Дала» даңғылында сағатына 137 шақырым жылдамдықпен жүріп өткенін түсіріп алған, деп хабарлайды
Прокуратураның мәліметінше, 25 жастағы жігіттің көлігі – «Hyundai Palisade». Мониторинг көрсеткендей, жігіт жыл басынан бері 306 рет ереже бұзған.
«Оның ішінде 169 рет жылдамдықты асырған. Соның ішінде, 3 мамыр күні ол «Ұлы Дала» даңғылында сағатына 137 шақырым жылдамдықпен жүріп өткен. Бұдан басқа ол 134 рет автобус жүретін жолақпен жүрген», - деп хабарлайды прокуратура.
Оның әрекеттері қоғамға қауіпті екенін әрі бір бұзған ережені жүйелі түрде қайталай беретінін көрген полиция мен прокуратура жігітті 10 тәулікке қамаған.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін бхабарлағынымыздай, Астанада жыл басынан бері жол ережесін 51 мәрте бұзған ер адам да он тәулікке қамалған еді. Дереккөзге сүйенсек, ол 6 тамыз күні Mercedes көлігіне мініп, Құдайбердіұлы көшесінің бойыменн 158 км/сағ жылдамдықпен жүйткіп өткен. Ал 19 тамыз күні сағат 00:03-те Porsche көлігіне отырып, Тұран даңғылында келе жатып, жылдамдығын 197 км/сағ дейін жеткізген.