Өрт 1,5 гектар аумақты шарпыды, зардап шеккендер жоқ
Алматыда өрт сөндірушілер 1,5 гектар аумақты шарпыған құрғақ шөп өртін сөндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ТЖМ-ге сілтеме жасап.
Бүгін 112 пультіне 13-шағынаудандағы Мөңке би және Бауыржан Момышұлы көшелерінің қиылысында құрғақ шөп өртенгені туралы хабарлама түсті.
Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері жедел жетті. Құтқарушылар ашық аумақтағы құрғақ шөптің өртеніп жатқанын анықтады.
«Құтқарушылар өрттің одан әрі таралуына жол бермеді. 1,5 гектар аумақтағы құрғақ шөп өрті толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», – деп мәлімдеді ТЖМ.
Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.