Автобуста 30 жолаушы болған
4 тамыз сағат 19:30 шамасында Атырау полицейлері республикалық маңызы бар Атырау – Орал тасжолының 9 шақырымында жолаушылар тасымалдайтын автобусты тоқтатты. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.
Тексеру барысында Түркістан облысының тұрғыны – 35 жастағы жүргізушінің Атырау – Шымкент бағыты бойынша 30 жолаушымен жолға шыққаны анықталды.
Атырау облысы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, қалааралық жолаушылар тасымалына тыйым салынғанына қарамастан, карантин режимін бұзғандарға қатысты жинақталған құжаттар тиісті шешім қабылдау үшін Атырау қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.