Оралда қоғамдық көліктің кондукторын кеудесінен итерген ер адам 10 күнге қамалды

Автор: Бақыт Шынар

Ол жол жүру билетін көрсеткісі келмей, автобуста шу шығарған

Фото: © istockphoto.com

Орал қаласының №9 қоғамдық автобусында шу шығарып, кондуктор әйелді кеудесінен итерген ер адам 10 күнге қамалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Батыс Қазақстан облысының облыстық соты хабарлағандай, автобустың кондукторы ер адамнан билетін көрсетіду сұраған. Бірақ, жолақысын төлеп, билетін көрсетудің орнына ер адам шу шығарып, кондуктор әйелді итеріп жіберген.

Сот оны ұсақ бұзақылық жасады деп айыптап, он тәулікке қамады.