Алматыдағы фармацевт әйел Ақтөбеге мың партия трамадол жөнелтемін деп, 15 жылға сотталатын болды (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Ол күшті әсер ететін дәрілерді заңсыз сатқан

Фото: скриншот

Алматыдағы дәріханалардың бірінің фармацевт болып жұмыс істейтін әйел Ақтөбе облысына заңсыз дәрі-дәрмек жөнелткені үшін ұсталды. Тұтастай бір қылмыстық топ құрған ол аса күшті әсер ететін дәрі-дәрмектерді заңсыз сатқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

Полицияның мәліметіне сенсек, ол Алматыдағы дәріханадан есірткі тектес дәрілерді заңсыз алып, оны көлікпен Ақтөбе облысына қарай жіберіп отырған.

 «Алматыда жұмыс істейтін фармацевт әйел өзінің заңды қызметін пайдалана отырып, күшті әсер ететін заттардың ірі көлемдегі партияларын Ақтөбе облысына жөнелтіп отырған. Тұтастай бір қылмыстық топтың өз операторы, ораушысы және есірткіні тығып кететін «закладчиктері» болған. Полиция мыңнан астам дәріні тәркіледі», - деп хабарлайды ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің аға жедел уәкілі Үмітбек Фархадов.

Айта кетейік, биылдан бастап бұндай дәрілерді заңсыз сатқан адамдардың жазасы күшейіп, олар 15 жылға дейін сотталатын болған.