Жарақат алғандар саны 3 мыңнан асты
Ливанның денсаулық сақтау министрі Хамед Хассан Бейруттағы жарылыстан қаза тапқандар саны 50 адамға жетіп, жарақат алғандар саны 3 мыңнан асқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новостиға сілтеме жасап.
«Ливанның денсаулық сақтау министрі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан жарылыстан зардап шеккендерге медициналық көмек жеткізуді сұрады. Ал Ливанның премьер-министрі Хасан Дияб жарылысқа кінәлілер міндетті түрде жазаланатынын, бірақ алдымен жарылыстың салдарымен күресу керегін мәлімдеді», - деп жазылған ақпаратта.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Ливанда жарылыс болып, Қазақстанның дипломатиялық миссиясы ғимаратына зиян келгенін хабарлаған едік.