Сыртқы істер министрлігі Кипр аралының жағалауында апатқа ұшыраған кеменің бортында, алдын ала мәлімет бойынша, Қазақстан азаматтары болмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
«Қазақстандық дипломаттар ақпаратты тексеруді жалғастырып жатыр», – деді ведомство өкілдері.
Айта кетейік, Кипр жағалауында 267 жолаушысы бар кеме аударылған еді. Жеті адамның қаза тапқаны белгілі болды. Кирениядан Түркияның Мерсин провинциясындағы Ташуджу портына бағыт алған катамаран үлгісіндегі кеме жағалаудан шамамен төрт миль жерде су ала бастаған.