Пластик бұйымдар шығаратын цехтағы өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр
Алматы облысында Құлжа тасжолының бойында пластик бұйымдар шығаратын цех өртенді. Оқиға орнында ТЖМ өрт сөндіру бөлімшелері жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ТЖМ-ге сілтеме жасап.
Өрт сөндіру жұмыстарын үйлестіру үшін жедел штаб құрылып, судың үздіксіз жеткізілуі қамтамасыз етілді.
«Өрт орнында үш жауынгерлік учаске жұмыс істеп жатыр. Өртті сөндіруге алты су оқпаны берілді. ТЖМ қызметкерлері өртті толық сөндіру үшін барлық қажетті шараны қабылдап жатыр», – деп мәлімдеді ведомство.
ТЖМ мәліметінше, 112 нөміріне зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Құтқарушылар өртті сөндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Өрттің шығу себебі мен мән-жайы анықталып жатыр.