Германия дәрігерлері коронавирустың екінші легі басталды деп мәлімдеді
Осы себепті Берлин оқушыларына сабақта отырғанда да қорғаныс маскаларын кию міндеттелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.
«Барлық мектептерде сабақтар мен қосымша қадағалауды қоса алғанда, жабық бөлмелерде мұрын мен ауызды жабатын қорғаныс маскасын кию туралы міндетті ереже бар. Бұл міндеттеме денсаулық жағдайына байланысты аузы мен мұрнын жаба алмайтын адамдарға қолданылмайды. Мектеп аулаларында немесе ашық ауада жұмыс істеу кезінде қорғаныс маскасына қажеттілік жоқ», - делінген ГФР Сенатының Білім, жастар және отбасы істері жөніндегі департаменті ата-аналарға жолдаған хатта.
Сондай-ақ құжатта мектепке барған кезде «Ата-аналар мен кез келген бөтен адамдар әрқашан аузы мен мұрнын жабатын қорғаныс маскасын киюі керек» делінген.