Өрттен зардап шеккендер жоқ, оның шығу себебі анықталып жатыр
Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Розыбакиев көшесіндегі кафе ғимаратында өрт шыққанын хабарлады. Құтқарушылар 15 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Оқиға орнына жеткен құтқарушылар екі қабатты көппәтерлі тұрғын үйге жапсарлас салынған бір қабатты кафенің асүйінде төбе жабыны мен сөрелердің жанып жатқанын анықтады. Өртті сөндіруге газ-түтіннен қорғау қызметінің бірнеше буыны жұмылдырылды», – делінген ведомство хабарламасында.
Кейін өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласу қажет.