Полиция төбелес шығарған қыздардың бәрін анықтаған
Маңғыстау облысында жасөспірімдер кәмелетке толмаған қызды аяусыз ұрып-соққан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әлеуметтік желіде тараған кадрда кәмелетке толмаған қызды қатарластары тізерлетіп қойып, ұрып-соққаны көрінеді. Полиция жанжалға қатысқандардың бәрін анықтады.
Полиция жасөспірімдер мен ата-аналарын бөлімшеге жеткізген. Құқық қорғау органдары кәмелетке толмағандармен және олардың заңды өкілдерімен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Полиция мәліметінше, оқиғаның мән-жайы жан-жақты зерделеніп, қажетті материалдар мен түсініктемелер жиналған.
«Оқиғаның мән-жайы жан-жақты зерделеніп, қажетті материалдар мен түсініктемелер жиналды. Кәмелетке толмағандардың ата-аналары балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Іс материалдары сотқа жолданды. Сондай-ақ материалдар тиісті шараларды қарау және қабылдау үшін Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жіберілді», - деп хабарлады полиция.
Осы төбелеске қатысқан қыздардың бәрі профилактикалық есепке қойылды.