LRT-ның әуежайдағы бекетіне көшеден кіретін есік 25 күнге жабылды

Автор: Бақыт Шынар

Жолаушылар әуежайдың 2-терминалынан кіре алады

Фото: instagram.com/cts_kz/

LRT-ның Астана халықаралық әуежайындағы бекетіне көше жақтан кіретін есік 20-25 күн бойы жөнделетін болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, бұл кіреберісті жөндеу керек, сондықтан, 20-25 күн бойы бекеттің сырттағы есігі жабық болады.

Бірақ жолаушылар бұл бекетке Астана халықаралық әуежайының 2-Терминалы арқылы кіре алады.

Осы шектеуге байланысты әуежайдың баспасөз қызметі жолаушыларға өз маршрутын алдын ала жоспарлауды ұсынады.