Оқиға құрылыс жұмыстары кезінде болған
Астанада 27 тамызда құрылыс жұмыстары кезінде кран құлап, оның үстінде болған краншы қаза тапты. Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астана қаласының ТЖД оқиға туралы ақпаратты растады.
«27 тамызда құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде құрылыс краны құлап, салдарынан краншы қаза тапты», – деп мәлімдеді ТЖД.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен жедел медициналық жәрдем бригадасы келді. Дәрігерлер ер адамның қайтыс болғанын анықтады. Оның алған жарақаттары өміріне қауіп төндіретіндей ауыр болған.
Оқиға бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Полицейлер қайғылы жағдайдың барлық мән-жайын анықтап жатыр.