Армат Абылғалиев өрт болған кезде үйінде жатқан
Орал қаласындағы Ұлттық ұлан әскери қызметшісі өрт кезінде екі баланы құтқарып, нағыз ерлік танытқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық ұланның баспасөз қызметі хабарлағандай, көп қабатты тұрғын үйдегі өрт шамамен сағат 21:00-де тіркелген екен.
«Дәл сол сәтте Ұлттық ұланның 5517 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Армат Абылғалиев үйінде болған. Кіреберістен көмек сұраған дауыстарды ести сала, ол дереу пәтерінен сыртқа шығып, қорқып тұрған баланы көрген. Бала бесінші қабатта өртеніп жатқан пәтерде екі інісі отырғанын айтқан», - деп хабарлайды Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.
жауынгер бірден бесінші қабатқа шығып, қалың түтінге қарамастан, пәтердің есігін бұзып кіріп, екі баланы құтқарып алған.