Шығыс Қазақстандағы Үлкен Нарын ауылында жер дүмпуі 2 балл деңгейінде сезілді
24 тамыз күні кешке Қазақстанда жер сілкінісі тіркелді. ҚР ТЖМ «Ұлттық ғылыми сейсмологиялық зерттеулер институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі Астана уақытымен сағат 19:31-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы 24 тамызда ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады. Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында, Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде орналасқан.
Мамандардың мәліметінше, эпицентрдің координаттары – солтүстік ендіктің 49,117° және шығыс бойлықтың 84,500° градусы.
Эпицентр мегаполистен қашық орналасқанына қарамастан, жер дүмпулері елдің шығысындағы елді мекендерде сезілген. Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысының Үлкен Нарын ауылында жер сілкінісінің есептік қарқындылығы 2 балды құрады. Зардап шеккендер немесе қираған нысандар туралы ақпарат түскен жоқ.
Құтқарушылар жер сілкінісі кезінде есте ұстайтын 10 қарапайым әрекетті алдын ала ойластырып қоюға кеңес береді: