$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.08.2020, 08:57
Оқиғалар

Шымкентте ер адам зейнеткерді өлімші етіп ұрып, жол бойына тастап кеткен

Жарақаттың ауыр болуынан жәбірленуші ауруханада көз жұмды

Шымкентте 63 жастағы ер адамды белгісіз біреу өлімші етіп ұрып, жол бойына лақтырып кеткен, деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға 26 шілде күні кешкі сағат 21:30 шамасында болған. Полицияға куәгерлер хабар беріпті. Тәртіп сақшылары жетемін дегенше, күдікті ер адам оқиға орнынан ізін суытып үлгерген. Ал, 1957 жылғы жәбірленуші түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген.

Полиция алғашында ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлігімен («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастаған. Алайда, күні кеше жәбірленуші алған жарақаттары салдарынан қайтыс болды. Осыған байланысты қылмыстық іс 99-баптың 1-бөлігіне («адам өлтіру») қайта сараланды.

Күдіктіні де полицейлер көп ұзамай қолға түсірді. Ол Түркістан облысының 1979 жылғы тұрғыны екен. Әзірге оның не себепті адам өлтіргені анықталып жатыр. Күдікті қамауға алынып, оның үстінен тергеу амалдары жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары