Дәрігерлер қыз баладан ауыр жарақат анықтамаған
Павлодарда төрт жасар қыз екінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Оқиға 2026 жылғы 18 тамызда болған. Құлағаннан кейін бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. «Ирбис ТВ» телеарнасының 20 тамыздағы мәліметінше, дәрігерлер зардап шеккен баланы тексеріп, қажетті медициналық шараларды жүргізген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дәрігерлердің мәліметінше, қыз бала ауыр жарақат алмаған.
«Қыз бала тексеріліп, қажетті диагностикалық зерттеулер жүргізілді. Ауруханаға жатқызуға көрсетілім анықталған жоқ. Амбулаториялық бақылауға жіберілді», – деп мәлімдеді Павлодар облыстық балалар ауруханасынан.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.