Теміртауда 7-қабаттан құлап кеткен сәби тірі қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр

Теміртау қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінің жетінші қабатынан кішкентай бала құлап кетті, деп хабарлайды Қарағанды облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметі.

Оқиға 3 тамыз күні таңғы сағат жеті шамасында болған. Ата-ана қарауынсыз қалған 1 жасар сәби терезеге шығып кетіп, 7-қабаттан құлап кеткен. Дәрігерлер оны ауыр халде ауруханаға жеткізді.