Құтқарушылар балаларды дер кезінде байқап, жағаға аман-есен жеткізді
Қатты жел Приозерск қаласында екі баланы жүзу тақтасымен Балқаш көлінің жағасынан шамамен 250 метр қашықтыққа алып кеткен. ТЖМ құтқарушылары балаларды жедел түрде жағаға жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ТЖМ-ге сілтеме жасап.
Қатты желдің салдарынан жүзу тақтасындағы екі бала Балқаш көлінің жағасынан 250 метр қашықтыққа ұзап кеткен.
Оқиға Қарағанды облысындағы Приозерск қаласының жағажайы маңында болған. Балалар жүзу тақтасымен серуендеп жүрген кезде қатты жел оларды жағадан алыстата бастаған.
Құтқарушылар жедел көмекке келіп, балаларды жағаға жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.
ТЖМ судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін еске салды: