Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр
Қостанай облысы Полиция департаментінің мәліметінше, Лисаков қаласында 22 жастағы жігіт көпқабатты тұрғын үйдің сегізінші қабатынан құлап кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Тобол Инфо»-ға сілтеме жасап.
Оқиға 14 тамызға қараған түні болған. Осы дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Тергеу жалғасып жатыр және құқық қорғау органдарының бақылауында.
Тергеу мүддесіне байланысты ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес полиция өзге мәліметтерді жариялаған жоқ.