Павлодарда сап түзеп көшеге шыққандар жауапқа тартылды

Автор: Azattyq Rýhy

Полиция қызметкерлері осы шараға қатысқандардың бәрін анықтады

Фото: ашық дереккөзден

Павлодар қаласының көшелерінде бұрын әуе-десанттық әскерлері қатарында борышын өтеген 22 адам саппен жүріп өткен, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Лермонтов көшесі, Академик Бектұров көшесі бойымен даңқ алаңына бағыт алып өткен сапқа жеке автокөліктер де  еріп жүрген.

«Полиция қызметкерлері шараға қатысқандардың бәрін барлығын анықтады және сапқа қатысушылар туралы әкімшілік материалдар жиналды. Саптың барлық қатысушылары 425-бап бойынша «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу» әкімшілік жауапқа тартылады», - деп жазылған ақпаратта.

Аталған факті бойынша сапқа қатысқан көлік жүргізушілері де жауапқа тартылды. Жеке тұлғаларға - 3, лауазымды адамдарға 10 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінде айыппұл салынады.