Ол ата-анасымен демалуға барған
Ақтөбеде 17 жастағы жасөспірім суға батып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мұғалжар ауданы, Ақкемер ауылында 17 жастағы жасөспірім ата-анасымен демалуға барып, суға батып кетті. Сүңгуірлер екі сағаттан соң оның денесін 3,5 метр тереңдіктен алып шықты», - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар құтқарушылар 34 жастағы ер адамның денесін 7 метр тереңдіктен алып шыққан. Ол белгіленбеген жерде суға түскен.