Степногорскіде жолаушылар мінген автобус өртенді

Автор: Алмас Ерсін

Өрт кезінде автобуста болған 10 жолаушы өздігінен эвакуацияланды, зардап шеккендер жоқ

ҚР ТЖМ видеосынан скриншот

Ақмола облысының Степногорск қаласында бағытта жүрген автобус өртенді. Өрт шыққан кезде салонда жолаушылар болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ТЖМ телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Зардап шеккендер жоқ.

Өрт 10 шаршы метр аумақты шарпыды. Автобус салонынан 10 адам өздігінен эвакуацияланды.

Өрт салонға тез тараған. Автобуста газ баллоны жабдығының болуы жағдайды қиындатқан.

Оқиға орнына келген құтқарушылар газ баллоны жабдығын салқындатып, өртті сөндірді және жалынның одан әрі таралуына жол бермеді.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажеттігін еске салды.