Тексеру барысында ойынхана ішінде 11 адам болған
Шымкентте карантин кезінде жұмысын тоқтатпаған ойынханалар анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Еңбекші ауданы бойынша жүргізілген жедел профилактикалық іс-шаралар нәтижесінде Шымкент қаласы бойынша бас мемлекеттік санитар дәрігер қаулысының талаптарын сақтамай, түнгі 23.00 шамасында «THE GAME» ойынханасының жұмыс істеп тұрғаны анықталды. Тексеру барысында ойынхана ішінде 11 адам болған», - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар «Алаш» базарының аумағында орналасқан атауы жоқ ойынхана да карантин режиміне қарамастан жұмыс істеп тұрған.