Өртті сөндіруге авиация тартылып, тікұшақтан 12 тонна су құйылды
Павлодар облысы Аққулы ауданы Көкжал орманшылығындағы «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағында құрғақ шөп пен ағаштардың жануы оқшауланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Өртті сөндіру жұмыстарына «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының күштері мен құралдары, ТЖМ бөлімшелері, сондай-ақ орман шаруашылығының әуе кемесі және ТЖМ-нің «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы жұмылдырылды. Тікұшақ жалпы көлемі 12 тонна суды 4 рет төкті.
Қазіргі уақытта оқиға орнында өрт ошағын күзету жұмыстары жүргізілуде. Аумақты бақылауды «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының қызметкерлері жүзеге асыруда. Зардап шеккендер жоқ.
ТЖМ ескертеді: табиғат аясында өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтаңыз. Өртті байқасаңыз, 112 немесе 101 нөміріне дереу хабарласыңыз.