Ақтөбеде әйел мен жасөспірім қызды зорлаған күдікті ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды

Фото: ашық дереккөзден

Ақтөбеде әйелді, артынша жасөспірім қызды зорлаған күдікті ұсталды. Тәртіп сақшылары 33 жастағы қала тұрғынын бірден екі қылмыс жасады деп отыр. Аталған екі факт бір-бірімен байланысты емес, ал күдікті бұған дейін де бірнеше рет сотталған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Ақтөбе Таймсқа» сілтеме жасап.

Ол шілде айында бейтаныс әйелді зорлаған. Бұл қылмысынан кейін, 22 шілде күні күдікті жасөспірім қызға жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін көрсеткен. Полиция департаменті берген ресми ақпаратта жапа шегуші жасөспірім қыздың жасы көрсетілмеген. Алайда, ҚР Қылмыстық Кодексіне сәйкес, «жасөспірім» термині баланың жасы 13-ке толмаған кезде қолданылатынын еске салайық. 

Ақтөбе облысы Полиция департаменті берген ақпарат бойынша күдікті – Ақтөбе қаласының тұрғыны. Оның қылмысы дәлелденген, дәл қазір күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр. Полиция Қылмыстық кодекстің үш тармағы бойынша іс қозғады. Яғни, күдікті әйелге және жасөспірім қызға қатысты зорлық-зомбылық, сондай-ақ жасөспірім қызға көрсетілген жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері үшін жауап береді.

Күдіктінің қылмысы дәлелденген жағдайда ол 20 жылдан өмір бойына дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.