Мас күйінде көлік айдаған жүргізуші екі адамды қағып кеткен

Автор: Azattyq Rýhy

Ол 8 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды

фото: ашық дереккөзден

Мас күйінде көлік айдап, екі адамды қағып кеткен жүргізуші 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Сонымен қатар, қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен ол 8 жылға көлік жүргізу құқығынан айрылды.

Айта кетейік, бұл шара тек мас күйінде көлік жүргізгені үшін ғана беріліп отыр. Екі жаяу жүргіншіні қағып кету және оқиға орнынан қашам деп жасаған тағы бір жол-көлік оқиғасы бойынша қандай жаза тағайындалатыны тергеу аяқталғаннан кейін анықталады.    

Қазіргі таңда сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Өндіріс аяқталғаннан кейін шешім қабылдау үшін материалдар сотқа жіберіледі.