Оралда коммуналдық траншея опырылып, жұмысшыны топырақ басып қалды

Автор: Алмас Ерсін

Құрылыс алаңындағы төтенше жағдайдан кейін жұмысшы ауруханаға жеткізілді

ҚР ТЖМ видеосынан скриншот

Оралда құрылыс кезінде коммуналдық траншея опырылып, жұмысшыны топырақ басып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-арнасына сілтеме жасап. 

Оқиға 2 тамыз күні күндіз Орал қаласындағы Абай даңғылында болған. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 1966 жылы туған ер адам құрылыс алаңында іргетасты оқшаулау жұмыстарын жүргізіп жатқан кезде өзі тұрған коммуналдық траншеяның топырағы опырылған.

Соның салдарынан жұмысшыны топырақ басып қалып, өздігінен шыға алмай қалған.

Оқиға орнына келген Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері ер адамды үйінді астынан шығарып алып, әрі қарай тексеру үшін жедел жәрдем бригадасына тапсырды.