Оқиға салдарынан 15 жастағы қыз жарақат алды
Астананың Сарайшық ауданында жеңіл автокөлік тұрғын үйдің бірінші қабатындағы дүкенге кіріп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астана қаласы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға салдарынан дүкен ішінде болған 15 жастағы қыз жарақат алды. Аталған факті бойынша полиция тергеу бастады.
Оқиға бүгін сағат 18:30 шамасында болған. Көлік Бөлекпаев көшесіндегі «Аяла Фруктс» дүкеніне соғылған.
Кейін белгілі болғандай, Hyundai Accent көлігін тізгіндеген 18 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай, салдарынан көлік көкөніс сататын павильонға кіріп кеткен.
Жас жүргізушінің тәжірибесіздігінен зардап шеккен қыз медициналық мекемеге жеткізілді. Қазір оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.