Оқиға Қобда ауданында болған
Ақтөбелік азамат 70 жастағы тұрғынды алдап, үш сиырын иемденіп алған. Бұл туралы Ақтөбе облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Қобда ауданының 29 жастағы тұрғыны жәбірленушіге 290 мың теңге шығын келтірген.
«2020 жылдың наурызында Қобда ауылының 29 жастағы жергілікті тұрғыны сатылымға шығарып беремін деген сылтаумен Терісаққан ауылындағы 70 жастағы кісіге тиесілі үш бас сиырды иемденді. Шығын көлемі – 290 мың теңге. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті тұрғындарды алаяқтардың құрбаны болмау үшін өз мүлкін бөтенге сеніп тапсырмауға шақырды.