Ол көші-қон полициясында жұмыс істеген
Орал қаласында ірі көлемде пара алды деген күдікпен полиция қызметкері ұсталды. Әзірге оның ақшаны нақты кімнен және не үшін алғаны айтылмай отыр. Ұстау операциясын Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен облыстық Полиция департаментінің Ішкі қауіпсіздік басқармасы бірлесе жүргізген.
БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті қамауға алынып, ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы (пара алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Полиция қызметкері көші-қон полициясында жұмыс істеген. Ол 500 мың теңгені пара ретінде алып жатқан сәтте қолға түскен.