Қазір орман ортын 750-ден астам адам сөндіріп жатыр
Бүгін, 17 шілде күні таң ата өрт сөндірушілер «Семей орманындағы» қиын жерлерге қарай бет алып, жалынды ауыздықтай бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Экология министрлігінің мәліметінше, өрт сөндірушілер түнде көз ілмеген.
«Сағат 08:00-дегі жағдай бойынша өртті 769 адам, 191 бірлік жерүсті техникасы және 8 тікұшақ сөндіріп жатырТаң ата, жету қиын жерлерді сөндіру үшін дереу өрттің ішкі жағына жаяу десант аттанды», - деп хабарлайды экология министрлігі.
Соңғы жағдай туралы толық ақпарат алу үшін экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев пен Абай облысының әкімі Берік Уәли тікұшаққа мініп, өрт аумағын қарап шыққан.