Бектенов өртеніп жатқан «Семей орманына» Шыңғыс Әрінов пен Ерлан Нысанбаевты шұғыл аттандырды

Автор: Бақыт Шынар

Бүгін таңертең басталған өрт әлі сөнбей жатыр

Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Бүгін премьер-министр Олжас Бектенов төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевты шұғыл түрде Абай облысына аттандырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Олар «Семей орманындағы» орман өртін сөндіру жұмыстарын үйлестіру керек.

«Бектенов оларға жақын маңдағы елді мекендерді қорғау және өрттің одан әрі таралуының алдын алуды тапсырды. Саға 16:00-дегі жағдай бойынша өртті 400-ден астам адам және 100-ге жуық техника өшіріп жатыр. Өрт аумағына100 тоннадан асатын су себілді», - деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.

Жедел штабтың жұмысын премьер-министр өзі бақылап отырған көрінеді.