Ол сәуір айынан бері курьер болып жүрген
Жамбыл облысының полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Алматы қаласының аумағында интернет-алаяқтарға көмектесті деген күдікпен 22 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тергеуге сай, күдікті курьер қызметін атқарған.
«Ол қылмыстық схеманы ұйымдастырушылардың нұсқауымен банк карталары мен телефондарды тасымалдап, банкоматтар арқылы қолма-қол ақша шешіп отырған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті 2026 жылғы сәуір айынан бастап банк карталары мен телефондарды тасыған», - деп хабарлайды полицияның баспасөз қызметі.
Тергеу барысында осы кезеңде оның бірнеше рет Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығып, Қазақстан азаматтарының банк карталарын интернет-алаяқтықпен айналысатын қылмыстық топтың құрамына кіруі мүмкін анықталмаған тұлғаларға тапсырғаны анықталды.
«Күдіктіден бес телефон және екінші деңгейдегі түрлі банктерге тиесілі 13 банк картасы тәркіленді. Алдын ала анықталғандай, карта иелері оларды ақшалай сыйақы үшін өз еркімен пайдалануға берген», - деп хабарлайды полиция.