Күдікті алданған азаматтарға үй алып беремін деп, ақшаларын алып алған
Қарағанды қаласының полициясы ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен 44 жастағы әйелді қамауға алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полицияның мәліметінше, күдікті әйел азаматтардың сеніміне кіріп, арзан үй алып беремін деп уәде еткен. Оның сөзіне сенген оншақты адам жалпы сомасы 70 млн теңгелерін берген.
«Алдын ала мәлімет бойынша, 44 жастағы әйел адамдардың сеніміне кіріп, арзан үй алып бере аламын деп уәде еткен. Ең алдымен полицияға 29 жастағы келіншек арыз жазған. Оның айтуынша, күдікті арзан пәтер алып беруге уәде етіп, оның 6 млн теңгесін алған. Бірақ, уақыт өте келе оған не пәтер бермеген, не ақшасын қайтармаған. Осы арызды тіркеген полиция күдіктіге қатысты істерді түгендей келе, 11 адамның алданғанын анықтаған», - деп хабарлайды полиция.
Жалпы, Қарағанды полициясының қызметкерлері, бұл күдіктіге алданған азаматтардың саны көбеюі мүмкін дейді. Сондықтан, сот әйелді бірден изоляторға қамау керек деген шешім шығарған.