Қазақстанда бір тәулікте үш орман өрті тіркелді

Автор: Алмас Ерсін

Өрт ошақтары дер кезінде анықталып, жедел сөндірілді, табиғи өрттің таралуына жол берілмеді

Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

11 шілдеде Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында үш орман өрті тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.

Өрт ошақтары Шығыс Қазақстан облысында, «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында және «Жасыл Аймақ» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының аумағында анықталды. Әр өңірде бір өрттен тіркелген.

Өрттер мемлекеттік орман күзетінің патрульдеу жұмыстары кезінде анықталған. Оқиға орындарына орман күзетінің қызметкерлері мен «Қазавиаорманқорғау» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының мамандары жедел жеткен.

«Үйлесімді жұмыстың, арнайы техниканың, Ми-8 тікұшағы мен авиациялық өрт сөндіру десантының көмегімен Шығыс Қазақстан облысындағы орман өртін оқшаулау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватындағы өрт толықтай сөндірілді», – деп мәлімдеді министрлік.