Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, полиция болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтап жатыр
Өткен түні Алматының Алатау ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде 20 жастағы қыз оныншы қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық полицияға сілтеме жасап.
Қыз құлаған кезде бірінші қабаттағы темір қалқаға соғылып, кейін жерге түскен. Зардап шеккен бойжеткен шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді.
«Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға дейін қыз бен оның жігіті арасында жанжал болған. Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады Алматы қаласының полициясы.
Қазіргі уақытта бойжеткеннің жағдайы ауыр. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін күресіп жатыр.