Дереу оқшауланған өрт үлкен аумаққа таралған жоқ
Павлодар облысындағы «Ертіс орманы» резерватында өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өрт туралы ақпарат 7 шілдеде сағат 15:50-де түскен. Резерват ішіндегі ағаш түбіндегі құрғақ шөп пен қылқан жанған.
Оқиға орнына Павлодар облыстық ТЖД қызметкерлері, орман шаруашылығының жұмысшылары мен жергілікті әкімдік өкілдері барды. Өртті сол күні кешке, сағат 18:41-де оқшаулап үлгерді, сондықтан ол үлкен аумаққа таралып кеткен жоқ.
«Өртті сөндіруге ТЖД-дан 34 адам мен 7 техника, сонымен бірге орман шаруашылығы мен әкімдік қызметкерлері қатысты. Өрттің неден шыққаны қазір тексеріліп жатыр», - деп хабарлады Павлодар облыстық ТЖД.
Өрт келесі күні, яғни 8 шілдеде сағат 10:24-те толық сөндірілді. Жалпы 2,6 гектар жер жанған.