Ол үй есігін бұзып ашып отырған
Алматы полицейлері 18 пәтерге ұрлыққа түскен күдіктіні ұстады деп хабарлайды Polisia.kz. қылмыстық әрекетін ол көп жағдайда «Ақсай» шағынауданында жүзеге асырып келген.
Полицейлердің айтуынша, күдікті 18 емес, одан да көп үйге ұрлыққа түсуі мүмкін, өйткені тергеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.
«Әдетте ұрылар есікті кілт теру арқылы ашса, бұл кескіш құралмен сындырып ашып отырған. Полицейлер бұл ұрлық қылмыстарының артында бір адамның тұрғанын түсінді және оны қолға түсірді», - делінген аталған хабарламада.
Ұсталған ер азамат ШҚО тумасы, еш жерде жұмыс істемейді. Бұған дейін де дәл осындай қылмысы үшін сотталған. Қазір ол тергеу абақтысына қамалды.