Жыл басынан бері қалада 5 бала терезеден құлаған
Таразда 6 жасар бала оныншы қабаттағы терезеден құлап қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«25 шілдеде ата-анасының қарауынсыз қалған алты жасар бала он екі қабатты тұрғын үйдің 10-қабатының терезесінен құлап, сол жерде қайтыс болды», - деп жазылған хабарламада.
ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2020 жылдың басынан бері Таразда 5 бала терезеден құлап кеткен. Департамент мамандары тұрғындар мен ата-аналарды сақ болуға шақырады.
«Терезелерге блокаторларды орнатыңыздар! Ешқашан шыбын-шіркей торына сенім артпаңыздар! Бала өзін қауіпсіз сезініп, оған сүйенуге ұмтылады. Көбіне балалар осы тормен бірге құлайды», - делінген хабарламада.