ШҚО-дағы орман өрті оқшауланды: тікұшақтар 39 тонна су төкті

Автор: Алмас Ерсін

Өртті сөндіруге құтқарушылар мен орман шаруашылығы қызметкерлері жұмылдырылып, авиация бірнеше мәрте су шашты

Фото: © istockphoto.com

Төтенше жағдайлар министрлігі Шығыс Қазақстан облысындағы Ұлан ауданында орналасқан «Аюда» шатқалындағы орман өртінің оқшауланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт шарпыған аумақ 13 гектарды құрады.

Өртті сөндіруге Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары, «Қазавиаорманқорғау» десантшылары және ТЖМ-нің «Қазавиақұтқару» АҚ-ның екі тікұшағы жұмылдырылды.

«Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрттің негізгі ошақтарын оқшаулап, жалынның үлкен аумаққа таралуына жол берілмеді», – делінген ведомство хабарламасында.

Тегтер: