Жылына 6,3 млрд текше метр газ Ресейден импортталмақ: вице-министр жоба туралы айтты

Автор: Темірхан Айжан

Тараптар арасында меморандум жасалған

Фото: Freepik

Қазақстан Үкіметі мен Ресейдің Газпром акционерлік қоғамы арасында Сарыарқа магистральді газ құбырын Ресейдің Ишим қаласы маңындағы Карасоль компрессорлық станциясынан тартылатын жаңа газ құбырымен жалғау мәселесі пысықталып жатыр. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Өткен жылдың қазан айында Санкт-Петербург қаласында өткен Петербург халықаралық газ форумы аясында Қазақстан Үкіметі мен Газпром арасында 2030 жылдан бастап жылына 6,3 млрд текше метр көлемінде Ресей газын импорттау және Қазақстанның солтүстік өңірлері мен Астана қаласын газбен жабдықтау үшін жаңа магистральді газ құбырын салу жөнінде меморандумға қол қойылған. Қазіргі уақытта тараптар аталған бағыт бойынша келіссөздерді жалғастырып жатыр. Жоба энергетикалық қауіпсіздікті күшейтуге және елдің газ инфрақұрылымын дамытуға бағытталған», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметі алаңында.

Вице-министрдің мәліметінше, жоба Қазақстанның солтүстік өңірлерін және Астана қаласын табиғи газбен тұрақты қамтамасыз етуге арналған.