Астана полициясы түнгі 12-де туған күнін аулада шулап қарсы алатындарға ескерту жасады

Автор: Темірхан Айжан

Полиция әкімшілік жауапкершілікті еске салды 

Фото: polisia.kz

Елорда полициясы тұрғындарға мерекелік және отбасылық іс-шараларды өткізу барысында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертті, деп Azattyq Rýhy.

Соңғы уақытта қала аумағында туған күн, үйлену тойы және өзге де бұқаралық шараларды шулы әрі ауқымды форматты ұйымдастыру жиілеген. Бұл жағдайлар жергілікті тұрғындардың құқықтары мен тыныштығын бұзады.

«Тұрғын үй алаптары мен қоғамдық орындарда, әсіресе түнгі уақытта, пиротехникалық бұйымдар мен отшашуларды бейберекет қолдану азаматтардың мазасын алып, өрт қауіпсіздігіне қатер төндіреді. Мерекелік шаралар барысында спирттік ішімдіктерді заңсыз тұтыну және тыныштық уақытын елемеу жағдайлары тіркелуде. Көшелер мен аула аумақтарын тұрмыстық қалдықтармен және пиротехникалық қоқыстармен ластау деректері жиілеп кетті. Құқық қорғау органдары қоғамдық тәртіпті бұзудың кез келген түрі үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қатаң әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді», - делінген ресми хабарламада.

Полиция департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын жауапкершілік танытуға, өзге тұлғалардың тыныштық құқығын құрметтеуге және елорданың тазалығын сақтауға шақырады.