Қазақстанның полициясы 1990-2000 жылдар аралығында тіркелген қылмыстарды жаппай ашуға кіріскен

Автор: Бақыт Шынар

Ол үшін мамандар ДНҚ сараптамасын қолданғаны анықталды

Фото: pixabay.com

Ішкі істер министрлігі бұрынғы қылмыстарды ашу бойынша жұмысты жалғастырып жатыр. Соның ішінде, жыл басынан бері ашылмаған ауыр және аса ауыр қылмыстық істер зерделенді. Олардың көбі 1990 жылдары және 2000 жылдардың басында тіркелген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полицияның мәліметіне сүйенсек, бүгінде мұндай қылмыстар заманауи технологиялардың көмегімен ашылады.

«Министрлік базасында молекулалық-генетикалық зертхана жұмыс істейді. Әр сала бойынша цирфлық шешімдер қарқынды дамып келеді. Жүргізіліп жатқан кешенді шаралардың нәтижесінде биыл бұрын жасалған ондаған ауыр және аса ауыр қылмыс ашылды. Жинақталған айғақтар негізінде күдіктілер өз кінәларын мойындап жатыр. Мысалы, Павлодар және Қарағанды облыстарында өткен жылдардағы қылмыс санатынан адам өлтіру деректері ашылды», - деп хабарлайды полиция.

 

Тегтер: