Астана-Орал бағытындағы пойыз ішінде бір адам аяқасты көз жұмды (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Оның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Фото: скриншот

Астанадағы «Нұрлы-Жол» вокзалынан шығып Оралға бет алған жолаушылар пойызында бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл оқиғаны көліктегі полиция департаменті растады.

«Астана Нұрлы жол-Орал» бағытындағы жолаушылар пойызында бір адамның аяқасты көз жұмған фактісіне қатысты Көкшетау станциясында қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлайды көліктегі полиция департаменті.

Көліктегі полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 201 бабына сай басқа ақпаратты жария ете алмайтындарын мәлімдеді.