Оларды полиция тауып, 86 адамды елден шығарған
Қызылорда облысындағы рейд кезінде мигранттардың Қазақстан аумағына заңсыз кіруіне қатысты 408 адам анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полиция олардың біразын әкімшілік жауапкершілікке тартып, 86-сын елден шығарған.
«Облыста заңсыз көші-қонның алдын алу, шетел азаматтарының көші-қон заңнамасын сақтауын бақылау үшін 8-12 маусым аралығында республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Рейд кезінде көші-қон заңнамасын бұзған 408 дерек тіркелді. Соның ішінде, заң бұзған 228 шетелдік анықталды. Полиция 86 адамды елден шығарды», - деп хабарлайды Қызылорда облысының полиция департаменті.
Сонымен қатар, мигранттарды елге кіргізіп, оларды заңды жолмен тіркемеген 148 Қазақстан азаматы да анықталған.